Экономика
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Dubai Airshow 2015» 14-ші халықаралық көрмесіне қатысты
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Dubai Airshow 2015» 14-ші халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл көрме Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі мен Қарулы Күштерінің қолдауымен Dubai World Central Aerotropolis аумағында өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дубайдағы «Dubai Airshow» халықаралық авиасалоны әлемдік азаматтық және әскери авиаөнеркәсібіндегі негізгі оқиғалардың бірі болып табылады. Көрме екі жылда бір рет өткізіледі. Кешеннің көрме алаңы 645 мың шаршы метрді құрайды. Осы көрме шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Абу-Даби Әмірлігінің мұрагер ханзадасы, БАӘ ҚК бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. «Еліміздің арасындағы достастық қарым-қатынас Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы, Сіздердің әкелеріңіз және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қаланған. Ол жыл сайын нығайып, нәтижелі әрі жемісті болуда, анағұрлым жоғары деңгейге шығып келеді», - деді Иманғали Тасмағамбетов құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, «бірлескен оқу-жаттығу мен тренингтер түрінде іске асырылуы мүмкін БАӘ-мен қорғаныс ынтымақтастығын дамытуда мүдделіміз», - деді ол. Келесі жылы халықаралық сайыстарды ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Осыған байланысты, аталған іс-шараға мамандарыңызды қатысуға шақырамын. Бұдан бөлек, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы алдағы уақытта Астанада өтетін «KADEX – 2016» қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесі тақырыбын атап өтті. «Мүмкіндікті пайдалана отырып және мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сіздерді және сіздердің қорғаныс-өнеркәсібі кешені компанияларыңызды осы көрмеге қатысуға шақырамын. Қару-жарақ пен әскери техника саласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің тың жаңалығы Астанадағы павильондар көрмесін ажарландыра түседі деп үміттенемін», - деді министр. Сурет ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтынан алындыПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024