Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев ортақ валютаға қысқа не ұзақ мерзімге көшу енгізілетін болса, ел экономикалық және саяси егемендігінен айырылатынына сенімді.
«Елбасы Еуразиялық одақтың саяси емес, экономикалық одақ екендігін баса айтқан болатын. Аталған бастаманың қазір де, келешекте де қолдау таба қоюы екіталай. Сонымен қатар, көптеген сарапшылар ортақ валютаға көшуге әлі ерте, ортақ валюта - интеграцияның шыңы екендігін және өзіміздің саясатымызды түрлі макроэкономикалық, қаржы-несиелік салаларда үйлестіріп алған соң, ол туралы сөз қозғауға болады деген пікір айтып жүр. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында валюта енгізбеуі тиіс деп ойлаймын», - дейді сарапшы.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ға мүше елдердің басшылары монетарлық саясатты үйлестіруді одан әрі жалғастыруға келісім берді дегені туралы жазған болатынбыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024