Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті В. Жангпен кездесті

Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті В. Жангпен кездесті

Астана. 14 маусым. 7kun.kz - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесуі өтті.

Кездесуде Азия даму банкінің Қазақстанға арналған 2017-2021 жылғы серіктестік стратегиясының жобасы талқыланды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

Стратегия жобасының басым бағыттарының ішінде қаржы секторын нығайту, тұрақты өсімді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыруды жалғастыру, инфрақұрылымға инвестицияларды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімнің драйверлерінің бірі ретінде жеке капитал тарту секілді мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу, ауыл аумақтарын дамыту, климаттың өзгеруі, сондай-ақ туризм және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Биыл Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығына 25 жыл толады. Ынтымақтастық орнағаннан бастап Азия даму банкі 86 жобаны қаржыландыруға қарыз ұсынды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АДБ жобаларының белсенді қоржынына 5 жоба енді.

Похожие материалы