Экономика
ҚР Президенті: Қазір мұнай арқылы табысқа кенелетін заман емес
Қазір мұнай арқылы табысқа кенелетін заман емес. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті Жолдауында атап өтті.
«Әлемнің барлық елдерінде экономикалық жағдай төмендеп жатыр. Әлемдік ЖІӨ өсімі бойынша болжамдардың тұрақты төмендеуі ешкімді таңғалдырмайды. 2011 жылдың күзінен бастап халықарық валюта қоры әлемдік экономикада болжамдық көрсеткіштерді 5 пайыздан 3 пайызға төмендетіп, оларды алты рет қарастырды. Және де бұл соңы емес», - деді Елбасы халыққа Жолдауында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мұнайдан көп табыс көретін заман емес. Ғаламдық экономика да саяси факторларға тәуелді болды. Қазіргі таңда әлемде тұрақсыз жағдай болып жатыр.
«Алып елдер бір-біріне қарсы санкциялар жариялады. Олардың арасында сенім күрт азайды. Орта және Таяу Шығыстағы, Солтүстік және Орталық Африкадағы тұрақсыздық босқындардың көбеюіне алып келді. Лаңкестік актілер көбейіп, көптеген адамдар қаза болып жатыр», - деді Елбасы.