
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар барысында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронмен, ІІ Елизавета Патшайыммен, сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған.
Елбасымен Д. Кэмеронның кездесуі кезінде қазақ-британ қарым-қатынастарының даму перспективалары және Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы туралы сөз болады.
Н. Назарбаев Тұманды Альбион елінен кейін Францияға ресми сапармен келеді. 5 қараша күні Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесу болады. Сондай-ақ, Париж қаласында ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездеседі.
Фото: expertonline.kz