Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рақышев алтын өндіруші компанияның иесі болды

Рақышев алтын өндіруші компанияның иесі болды

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz –Кипрлік Fincraft Holdings Ltd компаниясы Petropavlovsk алтын өндіруші компанияның үлесін сатып алды, деп хабарлайды РБК.

Айта кетейік кипрлік компанияның иесі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев.

Басылым бұл құрылым ресейлік компанияның 22,42 пайыз акциясына иелік ететінін айтады.

«Компаниядағы 22,42 пайызды Кипрде тіркелген Fincraft Holdings Ltd компаниясы иеленді. Осы компанияның жалғыз иесі Кеңес Рақышев. Ал бастапқыда ол тағы бір алтын өндіруші «Камчатка Алтыны» компаниясын сатып алғысы келді. Бірақ GV Gold оны желтоқсанның басында сатып алды», - деп РБК-да көрсетілген.

Похожие материалы