Кондитерлік "Рахат" АҚ фабрикасы сатылым мөлшері төмендегеніне қарамастан қызметкерлер санын азайтуды жоспарламайды.
"Қысқарту туралы ақпарат шындыққа сай келмейді. Біздің компаниямызда қысқарту болмаған, болмайды да. Басшылық оны қолдамайды. Дәл қазір жаппай қысқарту туралы қауесеттің қайдан шыққанын анықтап, ішкі тексерулер жүргізілмек. Бүгінде 61 адам өз еркімен, отбасылық жағдайына байланысты демалыста", -деді "Рахат" АҚ-ның қызметкерлер құрамы бойынша директоры Жанна Оразбаева. Оның сөзінше, жазда фабрикаға жөндеу жұмыстары жүргізу туралы жоспар болғанымен, оны ақпан айында өткізіп жіберген.
"Осыған байланысты жұмысшылардың жартысына жуығы басқа цехтарға ауыстырылды. Кәмпитті және карамельді цех жөндеу жұмыстарына байланысты екі аптаға жұмысын тоқтатты. Бізде барлығы 3000-ға жуық адам жұмыс істейді, фабрикада 11 цех бар.
Өз кезегінде экономика және қаржы жөніндегі директор Зәуреш Төлеубаева 2015 жылдың қаңтар-ақпан айындағы сатылым көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға азайғандығын хабарлады.
"Біз бұл айға үлкен көлем жоспарлаған жоқпыз. Қазір біздің тауарларымыз Ресейге жеткізілген. Жоспарымызда Грузия, Әзірбайжан, Армения және Белоруссияға дейін кеңею бар. Ресейлік тауарлардың арзандауына байланысты сатып алушылар да сол жаққа кетті. Сондықтан тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кейбір тауар топтарына жеңілдік жарияладық. Қаңтар айынды бізді ығыстырып жатқан жағдайға куә болдық. Дүкен сөрелерін отандық өнімдерден гөрі ресейлік тауарларға босатып жатыр ", -деп атап өтті З.Төлеубаева.
Осыған дейін, "Рахат" АҚ ресейлік өнімдерінің көп келіп, сатылымның төмендеуіне байланысты 286 қызметкерін демалысқа жіберді деп хабарланған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024