"Рахат" кондитерлік компаниясның жалпы кірісі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 7,3%-ға (1,52 млрд теңге) түсті. Бұл туралы LS хабарлайды.
Салыққа дейінгі фабриканың түсімі 2 млрд теңге болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,9%-ға төмен.
Операциялық түсім есептік кезеңде 19%, яғни 1,75 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жалпы түсім 9 айда 19,6%-ға түсіп, 4,06 млрд теңгеге азайды.
Аталған кезеңде компания кірісі 10%-ға төмендеп, 22,1 млрд теңге болды. Кондитерлік зауыт активтері 2015 жылдың 9 айында 14%-ға артып, 21,7 млрд теңеден 24,7 млрд теңгеге жетті.
Жеке капиталы жыл басында 8,5%-ға артып, 20,94 млрд теңге болды. Міндеттілік көлемі қаңтар-қыркүйек айында 58%-ға өсіп, 2,38 млрд теңгеден 3,76 млрд теңгеге жетті.
"Рахат" компаниясының басты акционері оңтүстік кореялық Lotte Confectionery компаниясы (92,44%) болып табылады.
Фото: mln.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024