Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – "Рахат" кондитерлік фабрикасының еншілес ұйымы - «Рахат Сауда үйі» ЖШС қызметі тоқтатылды. Бұл туралы KASE-те хабарлады.
2019 жылғы 10 қаңтарда Алматы қаласы Әділет департаментінің Түрксіб аудандық Әділет басқармасы «Рахат Сауда үйі» ЖШС-нің 100% қатысуымен еншілес ұйымның қызметін тоқтататуды тіркеді. "Бұл еншілес ұйым 2011 жылы жеке құрылым арқылы сауда-өткізу қызметін жүргізу үшін құрылды. Бірақ экономикалық орынсыздықтан бұл құрылым жұмыс істемеді. Осыны ескере отырып, 2018 жылдың 4 қыркүйегінде «Рахат» АҚ директорлар кеңесі «Рахат Сауда Үйі» ЖШС-ін ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдады. "Рахат" фабрикасының өндірістік және сауда қызметіне бұл шешім ешқандай әсер етпейді, кәсіпорын жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 8 қаңтарында KASE-де Lotte Confectionery Co компаниясы фабриканың 92,44% акциясын (3,3 млн дана) сатып алғаны туралы ақпарат жарияланды. Ал 16 қаңтарда компания "Рахат" фабрикасының айналымда қалған 7,56% жай акцияларын сатып алатынын жариялады. Сатып алынатын акциялардың жалпы саны – 272 мың 13 дана. Миноритарлық акционерлерден акция сатып алуға ұсынылатын баға – 20 228 теңге. Осылайша, 7,56% акция 5,5 млрд теңгені құрайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024