ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен Рахим Сәкенұлы Ошақбаев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР ИДМ кадр жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев салтанатты жиында Рақым Ошақбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыс етті. Р. Ошақбаев 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы - экономист. Бұған дейін Рақым Ошақбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024