Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әрбір қазақстандық орташа есеппен жылына 73 келі ет жейді

Әрбір қазақстандық орташа есеппен жылына 73 келі ет жейді
Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылы әрбір қазақстандық орташа есеппен 72,9 келі ет және ет өнімдерін тұтынды деп жазады ranking.kz.  Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға көп және 2015 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға аз. Атырау облысының тұрғындары басқа өңірлермен салыстырғанда етті көп тұтынады. Былтыр Атырау облысының әрбір азаматы орташа есеппен 85 келі ет өнімдерін пайдаланған. Одан кейінгі орында 83,5 келімен Алматы, 82,6 келімен Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ет тұтыну жағынан ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді. ОҚО азаматтары орташа есеппен жылына 58,2 келі ет өнімдерін тұтынған.

Похожие материалы