
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Алматыдағы RBK банкінің клиенттері шетел валютасындағы шоттарынан қаражатты алдын-ала өтінім бойынша (бес жұмыс күні ішінде) ғана ала алады. Бұл туралы RBK банк Call-орталықта хабарлады.
Жеке тұлғаларға алдын ала өтінімсіз ақша тек ұлттық валютада және 100 мың теңгеден аспайтындай көлемде беріледі. Ал заңды тұлғалар өздерінің шоттарынан 1 млн теңге ала алады.
Банк қолма-қол ақшаны беруде уақытша қиындықтарға ұшыраған.