Экономика
Референдум бойынша Бас прокуратураға 6 өтініш келіп түскен
Нұр-Сұлтан. 5 маусым. 7kun.kz - Референдумды дайындау мен дауыс беру тыныш жағдайда өтті. Осы сәтте дауыс беру нәтижелеріне әсер ететін құқық бұзу жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Серғазин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Әлеуметтік желілерде референдум учаскелерінде дауыс беру туралы әртүрлі хабарламалар таратылып жатыр. Тексеру кезінде олардың көбі расталмады. Әлі де тексеру жүргізіліп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына азаматтардан 6 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі Бас прокуратураға, екі-екіден ШҚО мен БҚО прокуратурасына, біреуі Ақтөбе облыстық прокуратурасына бағытталды" - деді Бас прокуратура өкілі.