Нұр-Сұлтан. 5 мамыр. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум өткізілуі мүмкін күнді атады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз бүгін немесе ертең Президенттің Жарлығы болады деп күтеміз. Мұның бәрін Жарлықта көреміз. Ыңғайлы күн, демалыс күні — 5 маусым», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.
Оның айтуынша, бюллетень формасы "иә" немесе "жоқ"деген қысқа жауаптан тұрады.
Айта кетейік, 29 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын
Ал «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мәжіліс 4 мамырда қабылдап, сол күні қарап, сенатқа жолдады.
5 мамыр күні таңертең сенат өз ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, Конституциялық Кеңестің шешіміне сілтеме жасай отырып, сенаторлар референдумда Тұңғыш президенттің мәртебесін алып тастау мәселесін талқылау мүмкін деген түзету енгізді. Талқылау қорытындысы бойынша олар заң жобасын мәжіліске қайтарды.
Мәжіліс сенаторлардың ұсыныстарын қарап, олармен келісу туралы шешім қабылдады. Осылайша, құжат қабылданды және мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024