Экономика
Референдумда жәшікке бірден бірнеше бюллетень салып жатқан видео жалған болып шықты

Қазақстан. 5 маусым. 7kun.kz – Telegram-арналарында жәшікке бірден бірнеше бюллетень салынғанын көрсететін видео тарап жатыр. Бұл жағдайдың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл туралы Stopfake.kz фактчекерлері хабарлады.
"Кадрлар бүгін, 5 маусымда республикалық референдум кезінде түсірілген деген болжам бар. Бұл шындыққа жанаспайды. Негізі бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президент сайлауы кезінде түсірілген. Оны әлі де желіден табуға болады", – деп жазды басылым.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде 5 маусымда өтетін референдум бюллетеньдерін сиясы жоғалып кеткен қаламмен толтыру ұсынылып жатқаны туралы ақпарат жалған екені де анықталды.