Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Референдумға шетелдегі қазақстандықтардың 73%-ы қатысты

Референдумға шетелдегі қазақстандықтардың 73%-ы қатысты

Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz – ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру Қазақстаннан бөлек, республиканың шетелдік өкілдіктерінде де өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%-ды құрады», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінде.

Айта кетейік, Exit-poll дерегі бойынша, Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдағандар – 76,7%, қарсы болғандар – 23,3 %. Референдумға қатысушылар 67,5%-ды құрады.

Жалпыхалықтық дауыс беруде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелер қаралды.

Похожие материалы