Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Канаданың премьер-министрі Джастин Трюро мен вице-премьер Христи Фриландты қосқанда 592 канадалыққа елге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Ресей санкциясына ілінген канадалықтар үшін тыйым мерзімі шектеусіз.
"Ресми сайтта Ресей Федерациясына кіруге рұқсаты жоқ Канада азаматтарының толық тізімі жария болды. Атап өтер болсақ, мұндай санкция салу қадамына Ресей тарапы мәжбүрлі түрде баруда. Себебі Канада басшылығы тарпынан көрсетілген дұшпандық әрекетке жауап ретінде жасалды", – деп жазылған Ресей СІМ хабарламасында.
Тізімде мемлекет басшыларынан өзге Канаданың парламент сенаторлары, Оттава қаласының мэрі Джим Уотсон, Торонто қаласының мэрі Джон Тори, СІМ басшысы Мелани Джоли және басқа да лауазымды тұлғалар бар. Бұған дейін Ресей ондаған канадалық сенаторлар мен АҚШ Конгрессінің жүздеген өкіліне санкция салған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024