Ресей. 4 мамыр. 7kun.kz – Владимир Путин 9 мамырда Украинаға ресми түрде соғыс жариялауы мүмкін. Бұл туралы CNN телеарнасы АҚШ және Батыс шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлады.
Бұл Ресейде жалпы жұмылдыру жүргізуге және Батыс Ресей әскерлеріне шығын жағдайында қажетті резервтік күштерді тартуға мүмкіндік беруі мүмкін.
Дереккөз хабарлауынша, Батыс шенеуніктері Путин 9мамыр – Жеңіс күнінің символдық мағынасын Украинаға қарсы соғыстағы әскери жетістіктерін жариялау үшін немесе соғыс қимылдарын күшейтуге тырысады. Себебі, 9 мамырда ресми соғыс жариялау ресейліктерді жігерлендіріп, қоғамдық пікірді басып алуды жақтайды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайстың айтуынша, 9 мамырды үгіт-насихат мақсатында «ресейліктер қолдан келгеннің бәрін жасайды» деуге толық негіз бар.
Батыс және Украина шенеуніктері Ресей кемінде 10 000 әскерінен айырылды деп хабарлайды. Ал 25 наурызда РФ Қорғаныс министрлігі 1351 сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.
Сондай-ақ дереккөз хабарлауынша, Мәскеу Украинаның шығыс бөлігін аннексиялау үшін 9 мамырда пайдалануы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер де айтқан еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024