Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей ғалымдары жасанды ет өсіріп шығарды

Ресей ғалымдары жасанды ет өсіріп шығарды

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Ресейлік ғалымдар тағамдық өндіріс үшін жасанды ет жасады. Бұл туралы "Очаков азық-түлік ингредиенттері комбинатының" баспасөз қызметі хабарлады.

Зерттеулер екі жыл бойы жүргізілген. Үш сериялы толық циклді эксперименттерден кейін, салмағы 40 грамм болатын етті фарштың алғашқы «котлеті» дайындалған.

"Жасанды еттің бірінші порциясын жасауға 900 мың рубль кетті",- деді мекемеде.

Айта кетейік, жоба үшін комбинатта мата инженериясы зертханасы құрылды. Жобаның жетекшісі ресейлік молекулалық фармаколог, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Николай Шимановский болды.

"Ет пробиркадан жасалған, бұл ет өнеркәсібіндегі өте перспективалы бағыт. Өсімдік ақуызынан, көбінесе соя немесе бидайдан өндірілген вегетариандық өнім болып табылатын етті имитациялаумен шатастырмау керек. Біздің көзқарасымызша, зертханалық ет өндірісі қазіргі қоғам үшін ең маңызды этикалық мәнге ие, өйткені біз ет тағамын алу үшін тірі жануарларды союдан бас тарта аламыз", — деп түсіндірді ғалым.

Жасанда ет 2023 жылға қарай Ресей дүкендерінің сөрелерінде пайда болады. Қазіргі уақытта жасанды ет құны өте жоғары - 1 кг үшін 5,8 мың рубльге жуық.

Похожие материалы