Экономика
Ресей халқының қаржылық мәдениетінің төмен болуына ертегілер кінәлі - РФ Орталық банкі
Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Орталық банк ресейліктердің қаржылық мәдениет деңгейін көтеруге орыс ертегілері кедергі екенін айтты. «Мәскеу» агенттігіне осындай пікірімен Ресейдің Орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов бөліскен.
"Біз балаларға алтын балық, шортан туралы айтамыз. Қараңызшы: ағасы жұмыс істейді - ол ақымақ, орта бауыры жұмыс істейді - ол ақымақ, кенжесі пеште отырады, сосын ол шортанды ұстайды - бәрі жақсы", - дейді Швецов. Төраға орынбасары бұл мәселеге назар аудару, балалардың дүниетанымын өзгерту, қаржылық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру қажет деп есептейді. "Біз бұл бэкграундтан бас тартуымыз керек — балаларды еркіндікке үйретуіміз керек. Бұл өте маңызды", - деді Орталық банк өкілі. Айта кетейік, бұған дейін қаржылық сауаттылықты бақылау аясында ресейліктердің жартысы қол қоймас бұрын келісім-шарттарды оқымайтыны анықталды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024