Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Ресейлік бизнесмендер соңғы айларда АҚШ пен Еуропадағы активтерін Отанына аударуды жиілеткен, ал экспортқа тауар шығарушылар долларға қарағанда басқа валюталарды пайдалануды ұлғайтқан, деп хабарлайды Bloomberg.
Басылымның жазуынша, АҚШ сәуір айында Ресейге санкцияны күшейткеннен кейін осындай үдеріс байқалған.
Агенттіктің дерегі бойынша, АҚШ тарапынан жаңадан санкциялар енгізілген жағдайда, ресейлік компанияларға дағдарысқа өз күшімен қарсы тұруға тура келеді, себебі Ресей үкіметі оларға жәрдем беретін толыққанды бағдарлама ұсынуға дайын болмауы мүмкін.
Алмас өндіретін "Алроса" компаниясы өнімін Азиға рубльге сатады, ал ресейлік ірі металлургия кәсіпорыны экспортқа шығаратын өнімдеріне еуро және юаньмен есеп айырысуға көшкен дейді Bloomberg. Агенттік АҚШ санкциясы Владимир Путиннің баяғыдан келе жатқан "арманының" орындалуына - ресейлік олигархтар активтерін елге қайтаруға септесуі ықтимал деп жазады.
Жақын болашақта АҚШ Конгресі көлемді санкциялар енгізуі мүмкін, соның ішінде Ресейдің мемлекеттік қарызына қатысты мәмілелерге тыйым салып, сонымен бірге ресейлік ірі банктерді Америкадан кетуге мәжбүр етуі мүмкін. Ұлыбританияда Сергей және Юлия Скрипальдарға у қолданып қастандық жасалғанына байланысты америкалық санкциялардың екінші кезеңі күшіне еніп, Ресей мен АҚШ арасындағы сауда қарым-қатынастары ең төменгі шекке түсуі ықтимал.
Сәуірдің 6-сы күні АҚШ қаржы министрлігі санкциялар тізіміне ресейлік бірқатар ірі бизнесменді, солардың арасында Олег Дерипаска мен Виктор Вексельбергті және олардың иелігіндегі компанияларды енгізген болатын. Қарашаның 12-інде дейін америкалық инвесторлар Дерипсканың En+ Group және "РусАл" компанияларының акциялары мен қарыз міндеттемелеріне құқықтарын қайтаруы және олармен бизнесті тоқтатулары тиіс.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024