Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Ресей Федерациясы Қазақстанға "Дружба" құбырындағы хлорорганикалық ластанған мұнай үшін бір барреліне 15 доллар есебімен өтемақы төлейді, деп хабарлайды Reuters саладағы екі дереккөзге сілтеме жасап.
Бағалауға сәйкес, бүлінген мұнай үшін өтемақының жалпы мөлшері шамамен 76 млн долларды құрауы мүмкін. Сомаға барлығы кіреді: сапасының жоғалуы, тұрып қалу, сақтау.
Ресейлік "Транснефть" көлік компаниясы мен "ҚазТрансОйл" мұнай құбырларының қазақстандық операторы әзірше ресми келісім жасасқан жоқ. Қазтрансойлда ресейлік компаниядан тиісті құжаттарды күтетінін мәлімдеді. Ал басылым "Транснефть" түсініктемесін ала аламады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ресейден бүленген мұнай үшін өтемақы алады. Мәміленің алдын ала шарттары Транснефть ҚазТрансОйлға немесе Қазақстан жүк жөнелтушілеріне шығынды өтейді. Осыдан кейін өндірушілер сатып алушыларға шығындарды өтей алады
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024