Беларусь. 20 шілде. 7kun.kz – 15 шілдеде Беларусьте өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының нәтижесі бойынша Ресей Қазақстанға қант экспортына салынған тыйымды ұзартпайтыны туралы шешім қабылданды және жыл соңына дейінгі жеткізілім көлемі бекітілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Комиссия Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Арменияның уәкілетті органдарына ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қант жеткізуге келісімшарт жасасуды тапсырды. Ресей наурыздың ортасында белгіленген Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне қант жеткізуге салынған тыйымды ұзартпайды.
«Еуразиялық экономикалық комиссия алаңындағы консультациялар қорытындысы бойынша 1 қыркүйектен кейін қажетті қант көлемін жеткізу және келісімшарттар жасасу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер берілді. Атап айтқанда, Ресей және Қазақстан ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін 168 мың тонна жоспарлы көлемді ұлғайтуды келісті. Бұл жаңалықтан кейін нарықтағы барлық алыпсатарлықтың аяқталатынына күмәнім жоқ», – деді, Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Андрей Слепнев.
Дегенмен көмек көрсету кезінде немесе халықаралық транзиттік тасымалдаудың бөлігі ретінде ерекше жағдайлар жасалуы мүмкін екендігі атап өтілді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024