Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей құжатты мақұлдамай отыр 

Ресей құжатты мақұлдамай отыр 

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан осыдан екі ай бұрын Ресейге  қазақстандық бензинді экспорттауға тыйым салуды алып тастау бойынша құжатты мақұлдауға жібергенін энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Құжатты күтіп отырғанымызға екі ай болды. Олар Путин жаңа мерзімге қайта сайланғанына байланысты қайта мақұлдаған, үкіметте кураторлар ауысқан, келісіп жатырмыз. Ал, өзімізде қол қоюға өкім беріп қойғанмын», - деді Қанат Бозымбаев.

Осыған дейін белгілі болғандай, Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін мұнай өнімдерінің ақшыл түрін экспорттауға тыйым салынған. Энергетика министрі бұған дейін Ресеймен үкіметаралық келісім бар екенін, соған сәйкес Қазақстан ақшыл мұнай өнімдерін экспорттай алмайтынын айтқан болатын. Келісімге өзгерістер енгізуге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Энергетика министрі бұған дейін Қазақстан жаздың соңына қарай Орталық Азия елдеріне бензин экспорттауға қатысты келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Сонымен қатар Қазақстан тиісті келісімдер жасағаннан кейін,оның ішінде Ресеймен келіскеннен кейін 2018 жылдың соңына дейін 400 мың тонна бензинді экспорттауы мүмкін.

Похожие материалы