Ресей-Украина соғысы: Жер бетіндегі аш адам саны 13 миллионға көбеюі мүмкін - БҰҰ
Украинадағы соғыс Украин халқы мен Ресей сарбаздарын жайратып қана қоймай, бүкіл әлемге де азық-түлік дағдарысын тудырып, кедейлікті арттыруы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz «BBC орыс қызметіне» сілтеме жасап.
Ресей мен Украина соғысқа дейін азық-түліктің ірі өндірушілері болған және астық пен өсімдік майы нарығында жетекші орынға ие болған. Ал Ресей мұнай мен мұнай өнімдері, өсімдік тыңайтқыштарының, табиғи газдың ірі сатушысы еді. Енді бұл тауарларды тұтынушыларға жеткізу тоқтап қалды. Украинаның өзінде азық-түлік тапшы, астық порттары бұғатталған.
Ал егін егуден жетекші орын алатын елде биылғы егістіктің өзі күмәнді. Күнбағыс алқаптары әскери техникаларға толып, ал трактор айдаған шаруалар Ресейдің олжа болған техникаларын сүйреп жүр.
Әлем екі жылға созылған пандемиядан және былтырғы құрғақшылықтан енді ес жия бастағанда азық-түлік бағасы қайта шарықтады. Бұл - тапқанын азық-түлікке жұмсайтын кедей елдер үшін ауыр соққы. Соғысқа байланысты ауылшаруашылық техникаларына отын жеткізу, теңіз арқылы және құрлық арқылы жүк тасымалдау, тыңайтқыштар мен оларды сақтау қымбаттайды. Астық адамдарға да, малға да жетпейді, сондықтан ет пен басқа да азық-түлік бағасы өсуде.
Бұл қиындық, әсіресе, Сомали, Ауғанстан немесе Йемен сияқты ең кедей және қақтығысы көп елдерге қауіп төндіреді. Бұл соғыстан дамыған батыс елдері аз зардап шегеді. Шөлді аймақтардағы - Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы дамушы елдерге қиын болары анық. Олар барлық азық - түліктің 90% - дан астамын импорттайды, ал олар үшін ең жақын жеткізушілер-Ресей мен Украина.
Соғысқа дейін Ресейде жұмыс істейтін азаматтардан аударымдар Тәжікстан мен Қырғызстан экономикасының төрттен бір бөлігін және Өзбекстан мен Армения ЖІӨ-нің оннан бір бөлігін құрады. Олардың бәріне қиын болады, бірақ аштық тек Ауғанстан немесе Йемен сияқты ең кедей және қақтығыстардан зардап шеккен елдерге қауіп төндіреді. Жалпы, әлемде, БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадағы жағдайға дейін 38 елдің 44 миллион тұрғыны аштық алдында тұрған. Планетаның әрбір оныншы тұрғыны - 720 миллионнан астам адам тойып тамақ жемейді. Соғыс бұл санды тағы 8 миллионға, ал пессимистік жағдайда 13 миллион адамға арттыруы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024