Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей жуырда McDonald’s баламасын таныстырады

Ресей жуырда McDonald’s баламасын таныстырады

Ресей. 10 маусым. 7kun.kz - Бұрын McDonald's болған ресейлік фаст-фуд желісі жексенбіден бастап жаңа үлгідегі мейрамханаларын ашуға дайындалып жатыр. Олар жаңа логотипін де ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz bbc-ге сілтеме жасап.

Жаңа логотипте гамбургер және екі фри мағынасын беретін шеңбер мен екі сызық бейнеленген. Компания желінің атауын әлі жариялаған жоқ, дегенмен бірнеше нұсқалар қарастырылуда.

Мамыр айында McDonald's Украинадағы соғысқа байланысты Ресейден кететінін мәлімдеген.

Компания осы демалыс күндері фаст-фут желісінің 15 мейрамханасын қайта ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі Sistema PBO-ға сілтеме жасап. Sistema PBO – бұрын McDonald's-қа тиесілі бизнесті басқарған компания.

Әлеуметтік желі қолданушылары жаңа логотип бәрібір "М" әрпіне ұқсайтынын атап өтті. Өзге қолданушылар жаңа логотипті Бангладеш туына ұқсатты. Онда да қою жасыл фонда қызыл шеңбер бар.

Естеріңізде болса, мамыр айының 20-сында ресейлік бизнесмен александр Говор McDonald's желісін сатып алғанын жазғанбыз. Сонда Говор өзі сатып алған 25 мейрамхананың атын өзгертіп, жаңа брендпен қайта ашатынын мәлімдеген.

Похожие материалы