Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде аю қабірді қазып, мәйітті алып кеткен

Ресейде аю қабірді қазып, мәйітті алып кеткен

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Амурдағы Комсомольск зиратында адам нанғысыз оқиға орын алды. Аю зираттағы қабірді қазып, оның ішіндегі өлген адамның денесін шығарып, сүйретіп әкеткен. Қазіргі таңда тескеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қалалық ішкі істер басқармасының өкілі.

"Полицияның кезекші бөліміне қалалық зират аумағындағы қабірлердің бірі ашылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, кинолог және аңшы барды. Аюдың іздері табылды. Қайтыс болған адамның денесі әлі табылған жоқ", - деді агенттіктің өкілі.

Оның айтуынша, полиция тексеру жүргізіп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылдайды.

"Біздің мамандар оқиға орнына барды, олардың жануарды жоюға рұқсаты болды. Аюды тауып, атып тастады", - деді табиғи ресурстар түлік министрлігінің аймақтық бөлім бастығы Юрий Колпак.

Похожие материалы