«Северсталь» Ресейдің Украинадағы әскери операциясы салдарынан валюталық қарызы бойынша пайыздарды уақытылы төлей алмаған алғашқы ресейлік компания атанды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Bloomberg мәліметінше, компанияның төлемі бұғатталғандықтан кредиторлардың дефолтқа ұшырау қаупі бар.
Череповец темір-металлургиялық комбинатына иелік ететін, болат құю және тау-кен өндірісімен айналысатын компания Алексей Мордашовқа тиесілі. Компанияда қолма-қол ақшаның болуына қарамастан, ол сәрсенбіде аяқталған бес күндік жеңілдік кезеңінде $12,6 миллион долларлық облигация купонын төлей алмады.
«Северстальдың» дәл қазіргі кезде төлеуге қаражаты бар, алайда қаражат өтетін корреспондент-банк Citigroup төлемді бұғаттады.
Дереккөзге сәйкес, Citigroup компаниядан ақшаны аудармас бұрын АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) рұқсат алуды сұраған. Компания мен оның бақылаушы акционері АҚШ санкцияларына ұшырамаған. Бірақ Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания Мордашовқа қарсы санкциялар енгізді.
Бұл юрисдикцияларда жеке тұлғаларға қарсы санкциялар, әдетте олар иелік ететін немесе басқаратын барлық компанияларға қолданылады. Екі облигация ұстаушылары бейсенбіде оларға ақша төленбегенін растады.
«Северстальда екі нұсқа бар – төлемдерді жүзеге асыру үшін OFAC лицензиясын алу, содан кейін купондар қайтадан беріле бастайды. Егер бұл сәтсіз болса, онда ресми түрде дефолт, кредиторлар комитетін құру, кеңесшілерді жалдау және қайта құрылымдаушы компаниямен байланыс орнатылады. Бірақ бұл ұзақ процесс», – деді Альфа-Капитал Активы портфолио менеджері Дмитрий Дорофеев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024