Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Жыл басынан Ресейге оқуға 180 мыңнан астам шетел азаматы келді. Олардың үштен бірін қазақстандық студенттер құрайды, - деп хабарлайды РБК ФҚҚ Шекара қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
ФҚҚ мәліметтері бойынша, 2019 жылдың алғашқы екі тоқсанында Ресейге барлығы 181,5 мың студент келді. Студенттердің көпшілігі Қазақстан (59,3 мың), Қытай (21,2 мың), Өзбекстан (14 мың) және Украинадан (13,7 мың) келді. Рас, ФҚҚ өзінің есептеулерінде кіру фактісін ескереді. Егер көрсетілген көрсетілген кезеңде бір адам бірнеше рет келіп, кетіп жүрсе, онда ол бірнеше студент ретінде есептеледі.
РФ Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, келген студенттер саны бойынша өзге елдер көшбасшы болып шықты. Бірінші орын бұрынғыша Қазақстанда (65,6 мың студент), екінші орын – Түркменстанда (27,4 мың), үшінші орын – Өзбекстанда (25,7 мың). Қытай тек төртінші орында (18,3 мың студент).
Қазақстан Ресей жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны бойынша әрдайым көшбасшы болды, деп атап өтті халықаралық ғылыми және техникалық ақпарат орталығы директорының кеңесшісі Ольга Андреева. Ресейге әдетте халқы орыс тілін білетін елдердің жастары барады.
Ал, ресейліктер жоғары білім алу үшін көбінесе Чехия, АҚШ және Ұлыбританияға барады, деп келтіреді ЮНЕСКО статистикасы.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024