
Ресей орталық банкі жеке тұлғаларға валюта сатып алғанда комиссия енгізілуін банктермен бәсекелестік деп түсіндірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей орталық банкінің хабарлауынша, жеке тұлғаларға биржада валюта сатып алғанда енгізілетін 30% комиссия, брокерлер мен банктер арасындағы бәсекелестікті теңестіреді.
Брокерлердің айтуынша, Ресей Банкі оларға 3 наурыз сағат 9:00-ден бастап жеке тұлғалар қор биржасында доллар, еуро және фунт стерлинг сатып алғанда кем дегенде 30% комиссия алу туралы қаулы жариялапты.
«Брокерлер жеке тұлғалардан қор биржасында валюта сатып алғанда алуы тиіс 30% комиссия, банктер мен брокерлер арасындағы бәсекелестік шарттарын теңестіреді. Өйткені банктер валюта сатып алу және сату бағамдары арасындағы спредті қолдана алады», - деді орталық банк өкілдері.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025