Бүгін қазақстандық банктер Visa және MasterCard төлем жүйелерінің Ресейде қызметін тоқтатуына байланысты клиенттеріне үндеу жолдады. 7kun.kz мәтіннің толық нұсқасын ұсынады.
6 наурызда халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелері Ресейдегі қызметін тоқтатқанын хабарлады. Халықаралық төлем жүйелерінің шешімі 10 наурыздан бастап күшіне енеді. Нәтижесінде Ресейде шетелдік банктердің карталары жұмыс істемейді. Ал ресейлік банктердің карталары Ресейден тыс жерде жұмыс істемейді.
Бұған сәйкес, қазақстандықтар Ресейде қазақстандық карталарды пайдалана алмайды. Ресейлік банктердің карталарын ұстаушылар оларды Қазақстан аумағында пайдалана алмайды.
Ал «СберБанк Қазақстан» және «Альфа-Банк Қазақстан» карталары бар Қазақстан азаматтары үшін Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде операцияларды жүргізуге болады.
Бұл шешім тек карталарды Ресейде аумағында пайдалану мен ресейлік карта иелеріне қатысты. Қазақстан аумағында және Ресейден басқа кез келген басқа елде қазақстандық карталар шектеусіз жұмысын жалғастырады.
Ресейде жүрген қазақтар қолма-қол ақша пайдалануы немесе Ресейдің ішінде есеп айырысу үшін ақшасын ресейлік банктердің картасына аударуы қажет.
Шектеулер тек Visa және MasterCard төлем жүйелері бар карталарға қатысты, UnionPay және Мир төлем жүйелері әдеттегідей жұмысын жалғастыруда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024