Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан Ресейден теміржол арқылы бензин импортына тыйымды 3 ай мерзімге ұзартпақ.
Энергетика министрінің бұйрығы электрондық үкіметтің веб-сайтында «Электрондық нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде жарияланды.
«Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан теміржол көлігімен бензин әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Бұдан бұрын Қазақстан Энергетика министрінің бұйрығымен Ресейден үш ай мерзімге - 2019 жылғы 2 наурыздан 2 маусымға дейін теміржол арқылы бензин әкелуге тыйым салынды.
Қазақстан мұндай тыйымды 2018 жылы 25 тамыздан 25 қарашаға дейін енгізді.
Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді - Атырау, Павлодар және Шымкент. Шымкент МӨЗ 1985 жылы салынған, «ҚазМұнайГаз» және CNPC зауыт акцияларының 50%-ын иеленеді. Атырау және Павлодар зауыттары 1945 және 1978 жылдары салынған, тиісінше «ҚазМұнайГаз» бақылайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024