Еліміздің дүкен сөрелерінде сатылып жатқан ресейлік сиыр еті консервілері мен жартылай ысталған "Мусульманская" шұжықтарынан шошқа ДНК-сы табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Зерттеу нәтижелерін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" сынақ зертханасы хабарлады. Наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасын тексеру үшін облыстық СЭБ департаменті 38 ет сынамасын алған.
"Зерттеу барысында сиыр еті консервісінің екі сынамасынан және шұжық өнімінің бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды: жартылай ысталған "Мусульманская" шұжығы (дайындаушы: ЖК "Павлов А. С.", Ресей, Башқұртстан Республикасы); стерильденген кесек етті консервілер "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" (дайындаушы: "Стандарт" Курганский мясокомбинат" ЖШҚ, Ресей, Қорған қ.); "Жоғары сұрыптағы бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орловск облысы)", - деді Ұлттық сараптама орталығы.
Аталған өнімдер сәйкес келмейтін тауарлар тізіміне енгізілді. Орталық мамандарының айтуынша, бұдан өзге бірнеше өнімнің заттаңбасында көрсетілген құрамы сәйкес келмейтіні анықталған.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024