Ресейге қарсы санкциялар мен Каспий құбыр консорциумы терминалдарының зақымдануынан Қазақстан экономикасына 300 млрд теңгедей зиян келді. Бұл туралы Қаржы министрлігі ақпарат таратты, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына жанама әсер етеді. Ресей Федерациясына қатысты санкциялардың енгізілуіне, КТК мұнай құю терминалдарының бүлінуіне және Украинадағы жағдайға байланысты бюджет шығындарының жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін", - деп хабарлады ведомство.
Шығындар, атап айтқанда, Қазақстандық компаниялар өнімдерінің Ресейге экспортының, сондай-ақ, ресейлік импорттың төмендеуіне байланысты. Әр түрлі саладағы жекелеген әлемдік компаниялар Ресейдегі өндірісті тоқтата тұруға және өз өнімдерін Ресейге жеткізуге ниетті. Ресейге өндіріс пен тасымалдың жабылуына байланысты одан Қазақстанға кейбір тауарлардың импорты тоқтады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024