Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік депутат елдегі сайлауға бағасын берді

Ресейлік депутат елдегі сайлауға бағасын берді

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный өз бағасын берді.

Ол Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы парламентаралық ассамблеясының атынан бақылаушы болып тіркелген.

"Бүгін біз сайлау учаскесі ашылмай тұрып келдік. Ондағы негізгі мақсатымыз – сайлауға дайындықты көру. Басқа бақылаушылармен де кездестік. Расында, тәуелсіз бақылаушылар келді. Олардың қатарында азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар", - деді Ресейлік депутат.

Анатолий Выборный әлі ешқандай кемшілік байқамағанын атап өтті. Сайлау учаскелері уақытында ашылған. Адамдар емін-еркін келіп, дауыстарын беріп жатыр.

"Қазақстан халқы үздіктердің ішінен үздік кандидатты таңдайды деп сенеміз. Халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады", - дейді Выборный.

Похожие материалы