Қазақстан мен Ресей шекарасында 100-ден астам қазақстандық көлік тұрып қалды. Аталған транспорт құралдары мәжбүрлі түрде толық кедендік тексерістен өткізу үшін уақытша сақтау қоймалары жіберілген. Бұл туралы Халықаралық автомобилдік тасымалдау одағының бас хатшысы Теодор Каплан Алматыдағы брифинг кезінде мәлімдеді.
Шекарадағы кедергіге байланысты тасымалдаушыларға қаржылай шығын келмек. Олар қоймадағы әрбір тәулік үшін 7 мың рубль және бір тонна тауарды шығарып, қайта кіргізгені үшін 600 рубль төлеуі қажет. Теодор Капланның мәліметінше, қазақстандық тасымалдаушыларға Ресейдің кедендік өткізу бекеттері арқылы КО-ның сыртқы шекарасынан өткенде арнайы маршрут беріледі. Сол арқылы халықаралық жүк тасымалдаудың транспортты жүкқұжатын Ресей мен Қазақстан шекарасындағы кедендік өткізу пункттеріне апаруы қажет. Атап өтейік, аталған шаралар өндіруші-елге және жүк сипатына қарамастан барлық транспорт құралдарына қатысты қолданылады. Шекарадағы жағдайға байланысты Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы құзырлы органдарды мәселені шешу үшін шара қабылдауға шақырады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024