Ресейдің алтын валюталы қоры 10-17 сәуір аралығында 3,6 млрд долларға дейін азайды. Қазір қордағы көлем 350,5 млрд долларды құрайды деп жазылған Орталық банктің сайтында.
Екі апталық өсімнен кейін қор көлемі екінші апта төмендеп жатыр. Ақпан айында олар 2009 жылғы минимальді көрсеткішке дейін құлдырап, 376,2 млрд долларды құрады.
2014 жылдың 23 ақпанында Ресейдің алтын қоры 19 тоннаға дейін өскендігі белгілі болды. Ол 1187,5 тоннаға дейін жетіп, соңғы 20 жылдағы максимальды көрсеткіш тіркелді.
Халықаралық қор - Ресей Банкі мен үкімет иелік ететін жоғары өтімділікке ие шетелдік активтер. Олар шетелдік валютадан, арнайы қарыз алу құқығынан, ХВҚ-дағы қосымша позициядан және алтын қорынан тұрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024