Алматы. 10 наурыз. 7kun.kz – Ресей мұнайын Қазақстан территориясы арқылы Қытайға тасымалдаудың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа бағасы бекітілді. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
2017-2018 жылдарға арналған жаңа баға туралы шешім 2017 жылдың 1 наурызынан бастап, Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы бойынша іске қосылды.
10 млн тоннаға шаққандағы 1 тонна мұнайдың құны - 11 доллар 36 центті құрады (ҚҚС есептемегенде). Оның ішінде РФ шекара аумағы мен ҚР шекарасы және «Атасу» бас мұнай өндіру бекетінде 1 тонна мұнай тасымалдау құны – 3 доллар 11 цент. Ал Атасу территориясы мен Алашанкоу (ҚХР) жерінде тасымалдау – 8 доллар 25 цент болады.
Еске салсақ, берілген маршрут бойынша Ресей мұнайын тасылдаудың бұған дейінгі бағасы 9 доллар 80 центті құраған.
Мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Ресейден Қытайға жеткізу құны ҚР мен РФ арасындағы келісім бойынша қойылды.
2016 жылдың 27 желтоқсанынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ және "НК "Роснефть" қоғамдық акционерлік қоғамы екіжақты шешім арқылы келісімге отырған. Онда 2017 жылдан бастап транзит көлемін 10 млн тоннаға дейін көбейту қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024