Роспотребнадзор Украинадан келетін "Мистер Мускул" тазалық құралының импортына тыйым салды деп хабарлайды ТАСС санитарлы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ "Туалетный утенок", аяқ киімге арналған Kiwi құралының, ауа тазартқыш Glade және тарақандардан қорғайтын Raid-ты ел аумағына енгізуге тыйым салды. Аталған тауарлардың барлығын «СК Джонсон» ЖШС (SC Jonson құрамына кіретін Украинадағы компания) өндіреді.
Осыған дейін Россельхознадзор Киев облысынан келетін украиналық шошқа етінің импортына шектеу қойды.
2014 жылы Ресей украиналық жеміс-жидек пен көкөністерді әкелуге тыйым салған еді. Сондай-ақ соя бұршақтарының, жүгері жармасының, жеміс шырының, көкөніс және балық консервілерінің, сүт және сүт өнімдерінің, спиртті ішімдіктер мен тәттілердің кіргізілуіне шектеу қойылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024