Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссияның 15-ші отырысы өтті. Бұл туралы total.kz хабарлайды.
"Біз валюта нарығындағы сауда-саттықты дамыту мәселесін талқыладық, соның ішінде рублдің теңгеге қатысты сұранысын да. Бұл құрал екі ел арасындағы сыртқы сауданы дамыту үшін маңызды және экономикалық байланыстағы импорттаушылар мен экспорттаушылардың есептеулерін жеңілдетуге көмектеседі",- деді Сергей Данов. Оның айтуынша, осы жылы Мәскеу биржасында рублдің теңгеге қатысты сұранысы белсенді түрде өсті. Бұл өткен жылғы жүргізілген операциялар көлемімен салыстырғанда бірнеше есеге артқан. Сонымен қатар, 2014 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы рублмен жүргізілген операциялар шамамен 13-14 млрд доллар болса, теңгемен 500 млн доллар көлемінде жүргізілген еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024