30 желтоқсан күні АҚШ доллары Ресей рубліне қатысты 73 долларға қымбаттады. Рубль 2014 жылдың желтоқсан айынан бері доллар бағамына қатысты арзандаған емес. Ал еуро 80,02 рубльден сатылып жатыр, деп хабарлайды lenta.ru.
Ресей ұлттық валютасына мұнай бағасы әсер етуде. 29 желтоқсан күні Brent маркалы мұнай бағасы 37,79 долларға өсті. 30 желтоқсан күні мұнай барреліне 37,34 доллар көлемінде сатылуда.
28 желтоқсан күні Ресейдің ақша-несие саясаты департаментінің директоры Игорь Дмитриев рубль бағамының құбылуы мен ресей экономикасы сыртқы жағдайларға байланысты реттелетінін мәлімдеген.
Ал 25 желтоқсан күні Сбербанк президенті Герман Греф рубль курсы мұнай бағасына қатысты төмендейтінін хабарлады. Осыған байланысты банкир мұнай құнына қатысты болжам жасаудан бас тартты.
Фото: ria.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024