Қазақстанда рубльге деген сұраныс артуда. Ұлттық банктің мәліметінше, 2015 жылдың ақпан айында айырдастау бөлімдерінде сатылған валютаның көлемі 29,5 млрд рубльге жеткен.
Реттеушілердің айтуынша, сатылған рубль көлемі - 29,5, еро - 101 млн, доллар - 1,4 млрд болған. Осы айда еліміздің Оңтүстік-Батыс аумағының ресейлік валютаны сатып алуға деген белсенділігі жоғары. Мәселен, Маңғыстау облысында 5,6 млрд рубль сатылған. Ал, Оңтүстік-Қазастанда - 5 млрд рубль сатылған.
Ресейге жақын орналсқан аймақтарда рубль сатылымы онша қатты емес. Солтүстік-Қазақстандағы рубль сатылымы 1,7 млрд, доллар - 38 млн, еуро - 2 млн-ды құрады.
Орталық Қазақстанда (Астана) көрсеткіш мынадай: рубль - 2,9 млрд, доллар - 70 млн, еуро - 7 млн. Алматыда 2,3 млрд рубль, 70 млн доллар және 2 млн еуро сатылған.
Мегаполис тұрғындары жалпы есепте 5,2 млрд ресей рублін сатып алған. Шығыс Қазақстанда 458 млн рубль, 76 млн доллар, 1 млн еуро сатылған. Рубль сатып алудан көрсеткіші төмен облыс - Павлодар. Ол жердегі көрсеткіш бар жоғы 215 млн рубль, 39 млн доллар және 1 млн еуроны құрап отыр.