"Донецк және Луганск сепаратистерін қолдап отырған Ресейге қарсы ЕуроОдақ тағы да санкциялар енгізбек", - деп мәлімдейді Германия канцлері Ангела Меркель. Оның сөзінше, егер Минск келіссөздерінде қол жеткізген Украина шығысындағы оқты тоқтату туралы шарт бұзылса, осы жағдай орын алуы мүмкін.
"Минск пакеті" туралы айтқанда санкциялардың енгізілуі келіссөздердің толықтай орындалуына байланысты екендігін атап өту қажет. Украина билігі Украина-Ресей шекарасына толыққанды бақылау жүргізе алғанда ғана, елдің аумақтық біртұтастығы сақталады",-деді ол.
Брюссельдегі баспасөз мәслихатында канцлермен бірге сөйлеген Еурокомиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер ЕО-Ресей саммитін өткізуге ешқандай талаптың дайын емес екендігін мәлімдеді.
Бұл жерде Меркель Еурокомиссияның жаңа құрамымен бірінші рет кездесті. Олар Грециядағы жағдайды, Еуроодақ институттары арасындағы қарым-қатынас мәселелерін де талқылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024