Америкалық Stratfor шолушы компаниясы 2016 жылға арналған экономикалық және саяси болжам жасады. Stratfor сарапшыларының есебіне сәйкес, Түркия мен Ресей арасындағы қақтығыс келесі жылы да жалғаса береді. Бұл туралы РБК жазады.
Сарапшылардың сөзінше, Түркия Сирияның солтүстігінде әскери акцияларды қабылдайды және Ирактың солтүстігінде болып жатқан жағдайларға қатысуын тоқтатпайды. Осы арқылы Анкара тек "Ислам мемлекетіне" ғана қарсы шығып қоймай, сириялық күрттерді ұстауды мақсат етіп отыр. Stratfor бұл әрекет Түркияның Ресей мен Иранға қарсы әрекетін барынша күшейтеді деген болжам айтуда. Ресейліктер екі ел арасындағы жанжалды қалап отырған жоқ. Себебі Түркия Қара теңіз бен Жер орта теңізіндегі жолдарды үнемі бақылауда. Дегенмен сарапшы компанияның болжамынша, мемлекетаралық қақтығыс болмай қоймайды. Айта кетейік, түрік-ресей қарым-қатынасы 2015 жылғы 24 қарашада Түркия әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік-сирия шекарасында атып түсіргенннен кейін қиындай түсті. Ресей Түркияға қарсы санкциялар жариялады. Фото: nur.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024