Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Ресей Қырғыз Республикасының $240 млн қарызын кешіретін болды. Бұл туралы екі ел үкіметі арасындағы келісім жобасында айтылды.
Аталған келісім 2012 жылдың 20 қыркүйегінде жасалған. Онда 2017 жылдың 30 наурызында Қырғыз Республикасының Ресей алдындағы қарызы $240 млн жететінін және сол кезде келісімге қол қойылса қарыздың түгелдей кешірілетіні жазылған.
Ресейдің қырғызды кешіргені осы ғана емес. 2016 жылдың 1 тоқсанында $30 млн қарызын да кештік деп жомарттық жасаған. Ал жалпы соңғы 11 жылда $703,2 млн қарызын қайтармайтын болып келіскен.
Атап айтқанда 2005 жылы Париж клубы аясында $184,3 млн, 2005-2015 жылдары $488,9 млн қаражатты қайтарымсыз қалған. 2016 жылдың соңындағы есеп бойынша қырғыздар Ресейге $270 млн қарыз. Қырғыз, Ресей, қарыз, Қырғыздардың қарызы
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024