Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей өз нарығына қазақстандық сырды кіргізбей қойды

Ресей өз нарығына қазақстандық сырды кіргізбей қойды

Ресейдің Павловка елдімекеніндегі автомобиль өткізу бекетінде 22 тонна көлеміндегі қазақстандық сыр партиясы тоқтатылды. Жүк көлігінде Кедендік одақтың ветеринарлы сертификат болған деп жазылған "Россельхознадзор" сайтында.

"Жүк көлігін тексерген кезде сыр таңбаланбаған полипрепилен қапшықтарында тасымалданғандығы анықталды. Жеке қаптамаларда да таңбалау жоқ. Жүк партиясы тоқтатылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. Ведомстваның түсіндіруінше, тауар жеткізуші - Алматыдағы "Камертон" компаниясы, тауар алушы - Барнаул қаласындағы "Алтай-Импекс" кәсіпорны. Россельхознадзордың атап өтуінше, аталған оқиға Қазақстанның комитетті ұйымдары тарапынан қажетті шаралардың қабылданбағандығын білдіреді. Осыған байланысты Россельхознадзор кезекті рет Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігіндегі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасына осындай оқиғалардың орын алмауын ескертетін арнайы хат дайындап жатыр. Қазақстандық және ресейлік тауарлардың өзара қабылданбауына қатысты оқиғалар да осыған дейін де болған еді. ЕАЭО нарығы қатысушыларының айтуынша, мұндай оқиғалар әлі де болуы мүмкін, бірақ оларды "сауда соғысы" деп атауға келмейді.

Похожие материалы