Экономика
Ресейде долларға мүлдем тыйым салуы мүмкін
Ресейде АҚШ долларын сақтау, айналымға жіберуге тиым салатын Заң жобасы Мемлекеттік Дума қарауына ұсынылды. Бұл туралы РБК хабарлады.
Егер Заң жобасы қабылданса РФ азаматтары бір жыл көлемінде банктердегі долларлық есеп-шоттарын жауып, барлық долларларын (қолма-қол, банктердегі) –рубльге немесе евро, фунт стерлинг, иена, юаньға ауыстыруы керек.
Ал, ауыстырып үлгермесе долларлық есеп-шот автоматты түрде жабылады. Полиция, кеден, салық, шекара, ФМС қызметкерлері долларды тәркілеп алуға құқылы болады. Бірақ, 30 күн ішінде алынған долларды рубль түрінде кері қайтарып бермек.
Заң күшіне енген соң РФ аумағында долларға мүлдем тиым салынатындықтан, оны қолма-қол сатып алу мүмкін болмайды. Ал, қолма-қол емес түрдегі долларды алу үшін оның қажеттілігін дәлелдеу керек. Мысалы: шетелге шығу қажеттілігі туындаса, шетелге шығу құжаттарын көрсету қажет. Бірақ, долларды ғана қабылдайтын елге сапарласаңыз ғана рұқсат берілуі мүмкін. Егер елдің өз валютасы болса долларды сатып алу мүмкіндігі жоқ. Ресейлік сарапшылар заң жобасының қабылдану мүмкіндігі жоғары екендігін айтуда.