Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – «Ресей тікұшақтары» холдингі жаңа үлгідегі пилотсыз тікұшақты сынақтан өткізуде. Бұл туралы «Ростех» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ресей тікұшақ» холдингі Индустриалды автоматтандыру бюросының мамандарымен бірігіп дайындаған тікұшақтар жүк тасымалдай алады.
Олардың айтуынша: «Тікұшақ бес жүз килограммға дейін жүк көтере алады. Ал шекті жылдамдығы - сағатына 150 шақырым. Әуеде 4 сағат бойы қонбай жүре береді. Мұндай ұшқыш аппараттарды КамАЗ техникалары дербес жер станциясы ретінде пайдаланылып, алыс қашықтықтан басқаратын болады. Сонымен қатар, КамАЗ тікұшақты тасымалдауға және бензинмен қамтамасыз етуге қолданылады.
Тікұшақтың дайын үлгілерінің бірі Саратовтағы Өнеркәсіптік автоматтандыру бюросында сынақтардан өтеді. Олар ұшуды басқару, навигация, қозғалтқышты басқару жүйесі және радиоарнаның жұмысын тексереді.
Егер сынақ сәтті өтсе, алдағы уақытта сатылымға шығарылмақ.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024