Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Федерациясының резервтік қоры таусылды

Ресей Федерациясының резервтік қоры таусылды

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Ресей Федерациясының резервтік қоры таусылған және жабық. Осы уақыттан бастап мемлекеттік бюджет тапшылығы кірістердің күрт төмендеуі жағдайында Ұлттық әл-ауқат қорынан қаржыландырылады.

Ресейдің резервтік қоры 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Ресми түрде ол Ұлттық әл-ауқат қорына қосылды. Бюджет кодексінің жаңа нормаларына сәйкес, мұнай-газ саласының барлық қосымша кірістері бұдан әрі ҰӘҚ-на бағытталатын болады.

Енді қазынаға түсетін кірістер күрт төмендеген жағдайда, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы Ұлттық әл-ауқат қорынан қаржыландырылады. Сонымен бірге Қор ерікті жинақтаушы зейнетақы жинақтарын бірлесіп қаржыландыру жағдайында бюджет тапшылығын қаржыландыру көзі болады. 2018 жылы бұл мақсаттарға 1,1 трлн рубль бөлінеді.

ҰӘҚ 829,2 млрд рубльге толтырылады.

Алдағы жылдарда, биліктің болжамына сәйкес, Ұлттық қордың қаражаттары жинақталған зейнетақы қаражатына жұмсалады. Сонымен қатар, биыл қор қаржы министрлігі 2017 жылға валюталық операциялардың бөлігі ретінде нарықта сатып алған 829,2 млрд рубльге толтырылатын болады.

Похожие материалы