Ресейде 10 арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) жабылады. Жаңа аймақтардың құрылуы тоқтатылып, ал жұмыс істеп тұрғандары жергілікті биліктің бақылауына беріледі. Олардың жұмысы тиімсіз деп танылған. Бұл туралыКоммерсанть жазады.
Ресей президенті Владимир Путин АЭА жұмыстарын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ ол үкіметке 30 маусымға дейін аймақтардың жұмысы үшін ортақ стратегия құрастыру туралы тапсырма берді. Кремльдің мұндай реакциясына президенттік бақылау басқармасының басшысының баяндамасы себеп болды. Құжатта 2006 жылдан бері 33 АЭА-ға 186 млрд рубль жұмсалғаны жазылған. Ол аймақтардан келген салық және кедендік түсімдер көлемі 40 млрд рубльді құрайды, оның ішінде 24 млрд рубльі пайдаланылмаған. Осы арқылы арнайы экономикалық аймақта бір жұмыс орнын құру үшін мемлекет 10 млн рубль жұмсаған. Ресейдегі арнайы экономикалық аймақтар 2005 жылдағы арнайы заң бойынша құрылды. 1 қаңтардағы есеп бойынша Федерацияның 30 субъектісінде 33 АЭА болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024